Сұрақ-жауап
Басты бет
Қолдау орталығы
Сұрақ-жауап
Шот функциялары
Жеке басты растау
Binance биржасында ұйымды (KYB) растау жолы: қадамдық нұсқаулық

Binance биржасында ұйымды (KYB) растау жолы: қадамдық нұсқаулық

2018-09-10 08:01
Оқу материалы
Жиі қойылатын сұрақтар
Оқу материалы
Соңғы жаңартылған күні: 2024 жылдың 9 қазаны
Видео оқулық

Binance KYB дегеніміз не?

Binance «Бизнесіңізді біліңіз» (KYB) – корпоративтік пайдаланушыларға жетекшілік етуге жауапты тұлғаларды анықтайтын және тексеретін кешенді тексеру процесі. KYB процесі бизнесті лаңкестікті қаржыландыру мен ақшаны жылыстату сияқты жалған қаржылық әрекеттерден сүзуге арналған.

Binance KYB растау қадамдары

1. Binance шотыңызды тіркеңіз немесе қолданыстағы Binance шотыңызға кіріңіз.
i) Binance ресми веб-сайтында [Тіркелу] түймесін басыңыз.
ii) [Ұйым ретінде тіркелу] түймесін басыңыз.
iii) Ұйым атын енгізіңіз.
iv) Ұйым элеткрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Электрондық поштаңызға 6 цифрлық код келеді. Электрондық поштаңызды растау үшін кодты енгізіңіз.
v) Қауіпсіз құпиясөз жасаңыз. [Ұйым шотын жасау] түймесін басыңыз.
Ескертпе:
  • Құпиясөзіңізде кемінде бір бас әріп пен бір санды қоса алғанда кемінде 8 таңба болуы керек.
  • Егер досыңыз Binance жүйесінде тіркелуге шақырған болса, олардың жолдама идентификаторын толтырғаныңызға көз жеткізіңіз.
vi) Ұйым шотын аштыңыз. Ұйымды растау процесін бастау үшін [Келесі] түймесін басыңыз.
i) Binance ресми веб-сайтында [Кіру] түймесін басыңыз.
ii) [Профиль] бетіне өтіп, [Растау] түймесін басыңыз.
Электрондық поштаңыз жеке шотқа байланған болса, оны ұйым шотына жаңарту мүмкін емес екенін ескеріңіз. Шоты расталмаған ұйым растауын жіберіп жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Енді ұйымды растау процесіне кіресіз.
2.1 Бастау үшін [Растау] түймесін басыңыз.
2.2 Ресми корпоративтік құжаттарда көрсетілгендей [Ұйым атауын] және [Тіркеу нөмірін] енгізіп, сұрақтарға жауап беріңіз, оның ішінде тіркелген ел/аймақ, құқықтық нысан, тіркеу нөмірі, бизнес сипаты, акционерлік құрылым, т.б.
Егер фиат қызметтері қажет болса, фиатты іске қосу бөлімінің астындағы сұрақтарға жауап беріп, жіберу үшін [Аяқтау] түймесін басыңыз.
Болашақта фиат қызметтеріне өтінім бергіңіз келсе, оны кез келген уақытта қосу үшін [Профиль][Шот] – [Идентификация] тармағына өтуіңізге болатынын ескеріңіз.
Маңызды ескертпе:
Барлық берілген ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз. Егер дұрыс ақпаратты ұсынбасаңыз, бизнесті растау өтініміңізді қабылдамауымыз мүмкін және растау процесін толықтай қайта орындауыңызға тура келеді. Ақпараттың дұрыстығын растасаңыз, [Жалғастыру] түймесін басыңыз.
Binance KYB процесі бойынша растауға қажетті құжаттар:
Тексеру процесін бастамас бұрын, қалқымалы тексеру тізімінде көрсетілген корпоративтік құжаттарды да дайындауыңыз қажет. Тексеру парағы тіркелген ел/аймақ, құқықтық нысан, бизнес сипаты және акционерлік құрылымыңызға қарай көрсетіледі. [Толық тізімді басып шығару] параметрін таңдап, анықтама үшін бақылау тізімін басып шығара аласыз.
Ескертпе: Binance KYB үшін талап етілетін корпоративтік құжаттар еліңізге/аймағыңызға, құқықтық нысаныңызға, таңдаған бизнес сипатына қарай әртүрлі болады. Келесі скриншоттар тек мысал үшін берілген. Растау бетіндегі сізге арналған нақты тізімді қараңыз.
3. Ұйымды растау жалпы 4 негізгі қадамнан тұрады:
  • Негізгі ақпарат
  • Қатысты тараптар
  • Құжаттарды жүктеп салу
  • Фиатты іске қосу (міндетті емес)
Растау процесі барысында кез келген уақытта [Жоба ретінде сақтау] түймесін баса аласыз.
3.1.1 Шот туралы ақпаратты, оның ішінде ұйым атауын, тіркеу нөмірін, тіркелген күнін енгізіп, [Растау] түймесін басыңыз.
3.1.2 Ұйым мекенжайы бөлімін толтырыңыз, оның ішінде тіркелген мекенжайды, бизнестің жұмыс мекенжайын енгізіңіз.
3.1.3 Капитал көзін, байлық көзін және қаражат көзін қамтитын шығу көзі туралы декларация бөлімін толтырыңыз.
3.1.4 Қосымша ақпарат бөлімін, соның ішінде AUM, ай сайынғы транзакция көлемі, қалаулы тіл, байланыс нөмірі, компания веб-сайты (бар болса) және өтінімнің мақсаты тармақтарын толтырыңыз.
3.1.5 Негізгі ақпарат бөлімін аяқтағаннан кейін, жалғастыру үшін [Аяқтау] түймесін басыңыз.
Сосын қатысты тараптар бөлімін толтырыңыз.
3.2.1 Директордың немесе оған тең тұлға туралы негізгі ақпаратты енгізіңіз.
3.2.2 Негізгі ақпаратты енгізіңіз, жеке басты куәландыратын құжаттарды және соңғы бенефициар иесінің (иелерінің) мекенжайын растайтын құжатты жүктеп салыңыз (бар болса).
3.2.3 Негізгі ақпаратты енгізіңіз, сәйкестендіру құжаттарын және маңызды контроллер(лердің) мекенжайды растайтын құжатын жүктеп салыңыз.
3.2.4 Негізгі ақпарат пен тұрғылықты мекенжайды енгізіп, уәкілетті шот трейдер(лер)інің сәйкестендіру құжаттарын жүктеп салыңыз.
3.2.5 Келесі қадамда бет арқылы растауды орындау үшін негізгі трейдер ретінде уәкілетті шот трейдерін таңдаңыз.
3.2.6 Ағымдағы құрылғыда немесе мобильді қолданбада негізгі трейдердің бетін растау үшін [Қазір растау] түймесін басыңыз.
Қалпақ немесе көзілдірік кимеңіз және сүзгілерді пайдаланбаңыз. Барлық фотосуреттер жеткілікті жарықпен түсірілуі керек.
Ағымдағы құрылғы арқылы растау
Мобильді қолданба арқылы растау
3.2.7 Рұқсат беру хатын жазыңыз. Қол қойып, жүктеп салыңыз да, [Растау] түймесін басыңыз.
3.2.8 Қатысты тараптарды ұйымыңызды растау құжаттарын онлайн қол қоюға көмектесуге шақыра аласыз. Толығырақ мәліметтер алу үшін мұнда кіріңіз:
3.2.9 Келесі бөлімге өту үшін [Жалғастыру] түймесін басыңыз.
3.3.1 Бетте көрсетілген тізімге сәйкес талап етілетін құжаттарды жүктеп салыңыз.
Ескертпе: талап етілетін құжаттар еліңізге/аймағыңызға, құқықтық нысанға, бизнес сипатына және таңдаған акционерлік құрылымға байланысты әртүрлі болады. Келесі суреттер тек мысал үшін берілген. Растау бетіндегі сізге арналған нақты тізімді қараңыз.
3.3.2 Жалғастыру үшін [Аяқтау] түймесін басыңыз.
3.4 Фиатты іске қосу (қажет болса)
3.4.1 Егер сізге фиат қызметтері қажет болса, фиат қосу бөлігіндегі сұрақтарды толтырып, [Жалғастыру] түймесін басыңыз.
4. Барлық бөлімдерді аяқтағаннан кейін, [Келесі] түймесін басыңыз.
5. Декларацияны оқып, келісіңіз. [Мен/біз декларацияны түсінеміз және келісеміз] жанына құсбелгіні қойып, [Жіберу] түймесін басыңыз.
6. Өтінішіңіз сәтті жіберілді. Тексеру аяқталғаннан кейін, сізге хабарлама жіберіледі.

1. Ұйымды растау үшін қандай құжаттар қажет?

Ұйымды растау процесіне дейін сізге дұрыс тіркелген елді, құқықтық нысанды, бизнес сипатын және т.б. таңдау қажет. Жүйе берілген мәліметтер негізінде қажетті корпоративтік құжаттардың тексеру тізімін жасайды. Іскерлік белсенділігіңізге байланысты қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін.

2. Менің өтінішім неге қабылданбады?

Бас тарту туралы хабар алу көңіліңізді қалдыруы мүмкін екенін түсінеміз. Бас тартудың себептерін жақсырақ түсіну үшін электрондық поштаңызға жіберілген қысқаша ақпаратты қараңыз. Сондай-ақ [Профиль] – [Шот] – [Идентификатор] тармағына өту арқылы шотыңыздан толық ақпарат ала аласыз.

3. Барлық құжаттарды ағылшын тілінде жіберуім керек пе?

Компанияның түпнұсқа құжаттарын жүктеп салыңыз. Ағылшын тілінде емес құжаттар үшін біз жылдам қарастыру процесін қамтамасыз ету мақсатында ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аударманы ұсынуға кеңес береміз.

4. Өтінішті біраз уақыт бұрын жібердім. Неліктен ешқандай кері байланыс алмадым?

Жаңарту үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз немесе шотыңызға кіріп, [Профиль] – [Шот] – [Идентификатор] тармағы арқылы тексеріңіз. Басқа сұрақтарыңыз болса, Чат арқылы тұтынушыларға қызмет көрсету тобына хабарласыңыз.

5. Мен екінші ұйым шотына өтініш бере аламын ба?

Әр компания тек бір ұйым шотына өтінім бере алады. Дегенмен біз ұйым шоттары үшін қосалқы шот мүмкіндігін ұсынамыз. Растау аяқталғаннан кейін, қосалқы шоттарды ашу мүмкіндігіңіз бар.

6. Шығару лимитін қалай арттыра аламын?

Күнделікті шығару лимитін арттырғыңыз келсе, VIP шот менеджеріне хабарласыңыз немесе Чат арқылы тұтынушыларға қызмет көрсету тобына хабарласыңыз.

7. Ұйым шоты үшін фиат рұқсатын қалай алуға болады?

Ұйым шотына фиат рұқсатын алу үшін [Профиль] – [Шот] – [Идентификация] тармағы арқылы өтінім беріңіз. Фиат өтініміңіз мақұлданғаннан кейін сізге хабарланады. Басқа сұрақтарыңыз болса, Чат арқылы тұтынушыларға қызмет көрсету тобына хабарласыңыз.

8. Қандай құжаттар мекенжайды растайтын құжат болып саналады?

Жарамдылық мерзімі өтпеген, мекенжайды растайтын келесі құжаттарды қабылдаймыз (ел талаптары негізінде):
  • Банктің үзінді көшірмелері – біз банктің цифрлық үзінді көшірмелерін де қабылдаймыз. Бізге түпнұсқа pdf файлын жіберіп, транзакция мәліметтері сияқты құпия ақпаратты жасыруыңызға болады.
  • Коммуналдық төлемдер – электр қуаты, су, бекітілген интернет немесе стационарлық телефон шоттары және т.б. Мобильді телефон шоттарын немесе сақтандыру хаттарын қабылдамаймыз.
  • Үкімет шығарған құжаттар – мысалы, мемлекеттік органдардың хаттары, салық вексельдері және т.б.
  • Қосымша ақпарат алу үшін Binance биржасында тұрғылықты мекенжайымды қалай растауға болады бөлімін қараңыз.

9. Binance корпоративтік пайдаланушылар үшін қандай фиат валюталарын қолданады?

Қолжетімді фиат валюталары мен арналар сіздің жағдайыңыз бойынша анықталады. Толық ақпарат алу үшін [Профиль] – [Шот] – [Идентификация] тармағына өту арқылы фиат қосу бетіне кіріңіз.