Фишинг – алаяқтар пайдаланушы аттары, құпиясөздер, 2 факторлы аутентификация (2FA) кодтары және т.б. сияқты ақпаратты сіз сенетін адам немесе ұйым атын жамылып, біліп алуға әрекеттенетін әлеуметтік инженерлік шабуылдың түрі. Қосымша мәлімет алу үшін Фишинг шабуылын болдырмау жолы бөліміне кіріңіз.
1-мысал
Хакерлер жалған Binance веб-сайтын (https://www.binance.com.com/) жасап, пайдаланушылар Facebook парақшасы арқылы оған кіруі үшін амалдар жасаған. Пайдаланушылар жалған веб-сайтқа кіргенде хакерлер олардың Binance шоттарының деректерін ұрлауы мүмкін.
Сондай-ақ жалған веб-сайт пайдаланушылардан Google 2 факторлы аутентификациясының сақтық көшірме кілтін енгізуді сұрады, осылайша хакерлер пайдаланушылардың Binance шотына толықтай қол жеткізе алады. Binance сізден Google 2 факторлы аутентификациясының сақтық көшірме кілтін бөлісуді ешқашан сұрамайтынын ескеріңіз.
2-мысал
Хакерлер жалған Binance веб-сайтын пайдаланып, айламен пайдаланушыларға зиянды бағдарламаларды орнатқызды. Компьютеріңізге/смартфоныңызға белгісіз бағдарламалық құралды немесе браузер плагиндерін орнатпаңыз.
3-мысал
Хакерлер пайдаланушыларды басқа жалған Binance веб-сайтына бағыттап, активтерін мүмкіндігінше тезірек «қорғалған әмиянға» көшірді. Binance ешқашан сізден қаражатыңызды басқа әмиянға көшіруіңізді сұрамайтынын ескеріңіз.