Сұрақ-жауап
Басты бет
Қолдау орталығы
Сұрақ-жауап
Криптовалютаны енгізу/шығару
Криптовалютаны енгізу
Binance платформасына қалай криптовалюта енгізуге болады?

Binance платформасына қалай криптовалюта енгізуге болады?

2018-01-04 10:32
Қолданба
Веб-сайт
Жиі қойылатын сұрақтар
Қолданба
Егер сізде басқа платформада немесе басқа әмиянда криптовалютаңыз болса, оны Binance әмияныңызға сауда жасау үшін аударуға немесе Binance Earn қызметтер жиынтығын пайдаланып криптовалюта қорыңызды көбейтуге болады.
Оқу материалы

Binance қолданбасында криптовалютаны қалай енгізуге болады?

1. Binance қолданбасына кіріп, [Енгізу] түймесін түртіңіз. 
2. [Криптовалюта енгізу] тармағын таңдаңыз.
3. Енгізгіңіз келетін криптовалютаны, мысалы, BNB таңдаңыз.
4. BNB токенін енгізу үшін қолжетімді желілерді көресіз. Мұқият таңдап, таңдалған желінің қаражатты шығарып жатқан платформа желісімен бірдей екеніне көз жеткізіңіз. Желіні дұрыс таңдамасаңыз, қаражатыңыз жоғалып, қалпына келтірілмеуі мүмкін.
5. Сіз таңдаған желінің QR кодын және енгізу мекенжайын көресіз. Енгізу мекенжайын көшіру үшін көшіру белгішесін түртіңіз, содан кейін оны криптовалютаны шығарып алғыңыз келетін платформадағы мекенжай өрісіне қойыңыз. QR кодын сақтап, оны қаражат шығару платформасына тікелей импорттау үшін [Сақтау және мекенжайды бөлісу] түймесін түртуіңізге де болады. 
6. Сондай-ақ [Қосымша мәліметтер] түймесін түрту арқылы қай әмиянға қаражат салу керектігін таңдауға болады. [Спот әмияны] түймесін түртіп, депозиттің қай жерде (Спот әмиянына немесе Қаржыландыру әмиянына) аударылатынын таңдаңыз.
7. Депозит сұрауы расталғаннан кейін, аударым өңделеді. Растау уақыты блокчейнге және оның ағымдағы желі трафигіне байланысты өзгереді.
Растаған соң көп ұзамай қаражат Binance шотыңызға түседі.
Видео оқулық

Binance веб-сайтына криптовалютаны қалай енгізуге болады?

1. Binance шотыңызға кіріп, [Депозит] түймесін басыңыз.
2. Бүйірлік тақтада [Криптовалюта енгізу] түймесін басыңыз.
3. Сіз Криптовалюта енгізу бетіне қайта бағытталасыз. Енгізгіңіз келетін криптовалютаны, мысалы, BNB таңдаңыз.
4. Енгізу желісін таңдаңыз. Таңдалған желінің сіз қаражат шығарып жатқан платформа желісімен бірдей екеніне көз жеткізіңіз. Басқа желіні таңдасаңыз, қаражатыңыз жоғалып, оны қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Желі таңдаудың кейбір мысалдары:
  • «BNB» BNB Beacon Chain (BEP2) дегенді білдіреді;
  • «BSC» BNB Smart Chain (BEP20) дегенді білдіреді;
  • «ETH» Ethereum желісін (ERC20) білдіреді;
  • «TRX» TRON желісін (TRC20) білдіреді;
  • «BTC» Биткоин желісін білдіреді;
  • «SegWitBTC» Native SegWit (bech32) дегенді білдіреді және мекенжай «bc1» болып басталады. Биткоиныңызды SegWit (bech32) мекенжайларынан шығаруға немесе оларға жіберуге болады. Қосымша мәліметтер алу үшін, Segregated Witness (SegWit) дегеніміз не? бөлімін қараңыз.
  • BEP2 немесе EOS сияқты белгілі бір желілер үшін аударым жасау кезінде MEMO толтыру керек, әйтпесе мекенжайыңыз анықталмайды.
Назар аударыңыз:
  • Қолжетімді желілер қаражатты шығарып жатқан сыртқы әмиян/биржа ұсынатын опцияларға байланысты. Мысалы, сыртқы платформа тек ERC20 қолдайтын болса, ERC20 енгізу желісін таңдау керек.
  • Ең арзан алым опциясын ТАҢДАМАҢЫЗ. Сіз криптовалюта шығарып жатқан платформамен үйлесімдісін таңдаңыз. Мысалы, сіз ERC20 токендерін басқа ERC20 мекенжайына ғана жібере аласыз және BSC токендерін басқа BSC мекенжайына ғана жібере аласыз. Үйлеспейтін/әртүрлі енгізу желілерін таңдасаңыз, қаражатыңыздан айырыласыз.
5. Сіз таңдаған желінің QR кодын және енгізу мекенжайын көресіз. Депозит мекенжайын көшіру үшін көшіру белгішесін басыңыз, содан кейін оны криптовалютаны шығарып алғыңыз келетін платформадағы мекенжай өрісіне қойыңыз. Сондай-ақ, QR кодын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, оны сурет ретінде сақтап, шығару платформасына тікелей импорттауға болады. 
6. Сондай-ақ, [Таңдалған әмиян] жанындағы [Спот әмияны] түймесін басу арқылы қаражатты қай әмиянға енгізу керектігін таңдауға болады. Спот әмиянын немесе Қаржыландыру әмиянын таңдап, [Растау] түймесін басыңыз.
7. Депозит сұрауы расталғаннан кейін, аударым өңделеді. Растау уақыты блокчейнге және оның ағымдағы желі трафигіне байланысты өзгереді.
Растаған соң көп ұзамай қаражат Binance шотыңызға түседі. Енгізу күйін [Транзакция журналы] бөлімінен тексеруге болады.
1. Binance депозит мекенжайын қалай табуға болады?
Криптовалюталар депозит мекенжайы арқылы енгізіледі. Binance әмияныңыздың депозит мекенжайын көру үшін, [Депозит] тармағына өтіп, [Криптовалюта енгізу] түймесін басыңыз. Енгізгіңіз келетін монетаны және сіз пайдаланып жатқан желіні таңдағаннан кейін, депозит мекенжайын көресіз. Монеталарды Binance әмияныңызға аудару үшін шығаратын платформаға немесе әмиянға көшіріп қойыңыз. Кейбір жағдайларда сізге MEMO қосу қажет болады. 
2. Менің транзакцияларым тарихын қалай тексеруге болады?
Енгізу күйін [Әмиян][Транзакция журналы] бөлімінен тексеруге болады.
Қолданбаны пайдаланып жатсаңыз, [Әмияндар][Спот] тармағына өтіп, оң жақтағы транзакция тарихы белгішесін түртіңіз.
Егер сізде ешқандай криптовалюта болмаса, Криптовалюта сатып алу бойынша «Сұрақ-жауап» мақалаларын қарауға болады.
3. Тег/MEMO дегеніміз не және криптовалютаны депозитке салу кезінде оны не үшін енгізуім керек? 
Тег немесе MEMO депозитті анықтау және тиісті шотқа ақша енгізу үшін әрбір шотқа тағайындалған бірегей идентификатор болып табылады. BNB, XEM, XLM, XRP, KAVA, ATOM, BAND, EOS және т.б. сияқты белгілі бір криптовалюталарды енгізген кезде, оның сәтті есептелуі үшін тиісті тегті немесе MEMO енгізу қажет.
4. Менің қаражатым қанша уақыттан кейін түседі? Транзакция алымы деген не? 
Binance платформасында сұрауыңызды растағаннан кейін, транзакцияны блокчейнде растау үшін уақыт қажет. Растау уақыты блокчейнге және оның ағымдағы желі трафигіне байланысты өзгереді.
Мысалы, USDT депозитін салып жатсаңыз, Binance платформасы ERC20, BEP2 және TRC20 желілерін қолдайды. Шығарып жатқан платформадан қажетті желіні таңдай аласыз, алынатын соманы енгізе аласыз және тиісті транзакция алымын көресіз.
Желі транзакцияны растағаннан кейін, қаражат көп ұзамай Binance шотыңызға түседі.
Қате депозит мекенжайын енгізсеңіз немесе қолдау көрсетілмейтін желіні таңдасаңыз, қаражатыңыз жойылатынын ескеріңіз. Транзакцияны растамас бұрын, әрқашан мұқият тексеріңіз.