Сұрақ-жауап
Басты бет
Қолдау орталығы
Сұрақ-жауап
Шот функциялары
Binance қолданбасында 2 факторлы аутентификацияға арналған Google Authenticator қолданбасын қалай қосуға болады?

Binance қолданбасында 2 факторлы аутентификацияға арналған Google Authenticator қолданбасын қалай қосуға болады?

2021-10-19 07:09

2 факторлы аутентификация (2FA) дегеніміз не?

2 факторлы аутентификация (2FA) – пайдаланушыға шотқа кіруге рұқсат бермес бұрын оның жеке тұлғасын растауға арналған көп деңгейлі қауіпсіздік механизмі. Ол рұқсатсыз кіруден қорғаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етеді.
2 факторлы аутентификация криптоактивтеріңізді және Binance шотыңызды қорғау үшін өте маңызды. Хакер құпиясөзіңізді алса да, оларға шотыңызға кіру үшін екінші фактор (мысалы, Google Authenticator) қажет болады, ал бұл қауіпсіздікті бұзуды айтарлықтай қиындатады.

Binance қолданбасында 2 факторлы аутентификацияға арналған Google Authenticator қолданбасын қалай қосуға болады?

Бастамас бұрын мобильді құрылғыңызға ресми Google Authenticator қолданбасын жүктеп алып, орнатыңыз. 
1. Binance қолданбаңызға кіріп, [Аккаунт] белгішесін түртіңіз. Жоғарыдағы профиль бөлімін түртіп, [Қауіпсіздік] бөліміне өтіңіз.
2. [Аутентификатор қолданбасы] - [Қосу] тармағын басыңыз.
3. Сіз QR кодын және орнату кілтін көресіз. Орнату кілтін көшіріңіз. Google Authenticator қолданбасын орнату аяқталғанға дейін [Келесі] түймесін баспаңыз.
Google Authenticator қолданбасын ашып, QR кодын сканерлеу үшін [+] түймесін басыңыз. [Орнату кілтін енгізу] түймесін басып, көшірілген кодты қойыңыз. Шоттың атын енгізіп, [Қосу] түймесін басыңыз, сонда ол Google Authenticator шотыңызға қосылады.
4. Binance қолданбасына оралып, жалғастыру үшін [Келесі] түймесін басыңыз. 
5.  Қолданба жасаған 6 таңбалы кодты енгізу арқылы Google Authenticator қолданбаңызды растаңыз.
6. Binance шотыңыз үшін Google Authenticator қолданбасын қостыңыз.
Google Authenticator туралы толығырақ мәліметтер алыңыз: