Binance ваучерлері деген не және оны қалай жұмсауға болады?

2022-08-18 01:19
Ваучерлердің түрлері
Өтеу нұсқаулығы

Белсенділік сыйақылары ретінде Binance ваучерлерінің алуан түрін алуыңыз мүмкін. Әрбір ваучер тегін токендер, VIP деңгейіндегі жаңартулар және маржалық трейдинг үшін пайызсыз несиелер сияқты әртүрлі жеңілдіктер ұсынады. Сыйақылар хабынан ваучерлеріңізді өтеу үшін, не істеу керектігі сатылай көрсетілген төмендегі нұсқаулықты орындаңыз.

Binance шығарған ешбір ваучерді басқа біреуге табыстауға болмайтынын ескеріңіз. Оларды басқа пайдаланушыларға немесе бір пайдаланушының иелігіндегі әртүрлі шоттар арасында (яғни негізгі шоттан қосалқы шотқа) беру мүмкін емес. Ваучерлерді тек шығарылған шоттан алуға болады.

Ваучерлеріңізді жарамдылық мерзімі аяқталмас бұрын өтеңіз. Ваучердің мерзімі аяқталса, ол енді жарамсыз болады. Жарамдылық мерзімін ұзарта алмайсыз немесе ваучерді басқа кез келген сыйақыға ауыстыра алмайсыз. Сізге берілген ваучерлерді өтеу сіздің жауапкершілігіңізде. Binance компаниясы алдағы ваучер немесе оның мерзімінің аяқталуы туралы ескертуге міндетті емес.

Binance ваучерлерінің түрлері 

Әрекеттер мен тапсырмаларға байланысты сіз токен ваучерлері, сауда алымына жеңілдік ваучерлері, платформалық алым жеңілдік ваучерлері, фьючерстер бонустық ваучерлері, маржасы 0% пайыздық ваучерлер, VIP жаңарту ваучерлері, икемді тестілік қаражаттың ваучерлері немесе құлыпталған тестілік қаражаттың ваучерлерін ала аласыз.

Ваучердің түрі

Сипаттама

Токен ваучері

Споттық әмияныңызға тегін токендерді ауыстырыңыз. Токендерді шектеусіз пайдалануға, аударға немесе шығаруға болады.

Қосымша мәлімет алу үшін Токен ваучерін өтеу әдісі бөлімін қараңыз.

Сауда алымына жеңілдік ваучері

Спот шотта, Тоғыспалы маржа, Фьючерстер саудаларында, Сауда боттары (Спот торы, Фьючерс торы, Балансты қайта орнату боты және Спот DCA) мен NFT саудасында шектеулі уақыт бойы сауда алымынан жеңілдікті пайдаланыңыз.

Сауда алымынан жеңілдікті мынаған жұмсауыңызға болады: 

  • Тұрақты сауда-саттық (Спот, Тоғыспалы маржа, Фьючерс және NFT);
  • Сауда боттарының саудасы (Спот торы, Фьючерс торы, Баланасты қайта орнату боты және Спот DCA);
  • Тұрақты және сауда боттарының сауда-саттығы (Спот торы, Фьючерс торы, Баланасты қайта орнату боты және Спот DCA).

Қосымша мәлімет алу үшін Сауда алымына жеңілдік ваучері бөлімін қараңыз.

Платформа алымының жеңілдік ваучері

Шектеулі мерзімге NFT саудасында платформа алымының жеңілдігін пайдаланыңыз.

Қосымша мәлімет алу үшін Платформа алымына жеңілдік ваучері бөлімін қараңыз.

Фьючерстік бонус ваучері

Фьючерстер саудасында кепіл ретінде ғана пайдалануға болатын тегін токендерді алыңыз. Ол арнайы криптовалютада көрсетіледі және тек сол криптовалютада бағаланған және кепілдендірілген монетамен шектелген келісімшарттарға ғана қолданылуы мүмкін. 

Қосымша мәлімет алу үшін Фьючерстер бонусының ваучерін өтеу әдісі бөлімін қараңыз.

Маржасы 0% пайыздық ваучер

Маржа саудасында пайызсыз несиелер шектеулі мерзімге алыңыз.

Қосымша мәліметтер алу үшін, Маржасы 0% ваучерін әдісі бөлімін қараңыз.

VIP жаңарту ваучері

VIP деңгейіңізді шектеулі мерзімге жаңартыңыз. Ваучердің мерзімі аяқталғанда VIP деңгейіңіз сауда әрекеттеріңізге негізделген бастапқы VIP деңгейіне қайта оралады.

Қосымша мәлімет алу үшін VIP жаңарту ваучерін өтеу әдісі бөлімін қараңыз.

Икемді тестілік қаражаттың ваучері

Қарапайым табыс табудың икемді өнімдеріне жазылу үшін тестілік қаражатты өтеңіз. Қаражатты шығару немесе аудару мүмкін емес, бірақ сіз жазылған өніммен жасалған күнделікті сыйақыларды шектеулі мерзім ішінде пайдалана аласыз.

Қосымша мәлімет алу үшін Икемді тестілік қаражатты өтеу әдісі бөлімін қараңыз.

Құлыпталған тестілік қаражаттың ваучері

Қарапайым табыс табудың құлыпталған өнімдеріне жазылу үшін тестілік қаражатты өтеңіз. Қаражатты шығару немесе аудару мүмкін емес, бірақ сіз жазылған өніммен жасалған күнделікті сыйақыларды шектеулі мерзім ішінде пайдалана аласыз.

Қосымша мәлімет алу үшін Құлыпталған тестілік қаражатты өтеу әдісі бөлімін қараңыз.

Фьючерстік бонус ваучері

Уақыт өте келе Binance компаниясы Фьючерстік бонус ваучерлері (Бонус ваучерлері) форматындағы белгілі бір бонустарды ұсына алады.

Бонус ваучерін алғаннан кейін, оны жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін өтеу керек. Бонустық ваучердің мерзімі аяқталса, ол енді жарамсыз болады. Жарамдылық мерзімін ұзарта алмайсыз немесе бонустық ваучерді басқа кез келген сыйақыға ауыстыра алмайсыз. Сізге берілген кез келген бонустық ваучерді өтеу сіздің жауапкершілігіңізде. Binance компаниясы алдағы бонустық ваучер немесе оның мерзімінің аяқталуы туралы ескертуге міндетті емес.

Өтелгеннен кейін, тиісті бонус фьючерстік әмияныңызға түседі. Бонустық ваучерлер тек Binance Futures сауда платформасындағы саудаға қатысты қолданылатынын және Binance экожүйесі арқылы қолжетімді басқа өнімдерге қолданылмайтынын ескеріңіз. Бонустық ваучерді өтегеннен кейін белгілі бір уақыт мерзімінде фьючерстік мәмілелер жасалмаса, Binance пайдаланушының шотынан бонусты қайтарып алуға құқылы.

Бонустардың таралуын [Әмиян] - [Фьючерстік әмиян] тармағы арқылы тексеруге болады. Бонустарды фьючерстік сауданың маржасы ретінде пайдалануға болады. Фьючерстік сауда барысында орын алған шығындар бонус сомалары есебінен өтелуі мүмкін.

Бонус сомаларын Фьючерстік сауда барысында туындаған жалпы жинақталған PnL негізінде шығаруға болады, яғни жалпы жинақталған пайда бонус сомасынан асып кеткенде ғана балансты (бонусты қоса алғанда) шығаруға болады.

Бонустық ваучер белгілі бір криптовалютада көрсетіледі және тек сол криптовалютада бағаланған және кепілдендірілген монетамен маржаланған келісімшарттарға ғана жүгінуге құқылы болады. Мысалы, BTC көмегімен көрсетілген бонус тек BTC монетасымен маржаланған келісімшарттарға қолданылады. Бұл ETH, BCH және т.б. сияқты басқа монетамен маржаланған келісімшарттарымен сауда жасаудан туындаған жинақталған PnL үшін қолданылмайды.

Қосалқы шоттар Бонустық ваучерлерді өтей алмайды. Бонустар тек негізгі шот деңгейінде ғана бөлінеді.

Binance кез келген уақытта өз қалауы бойынша бонустық ваучерлер мен жарнамалардың басқа түрлеріне қатысты кез келген ережелерден бас тартуға немесе өзгертуге құқылы.

Тәуекел туралы ескерту: фьючерстік сауда – бұл үлкен пайданы да, айтарлықтай шығынды да әкелетін өте қауіпті сауда. Бағаның шектен тыс өзгеруі жағдайында фьючерстік әмияныңыздағы барлық маржа балансын жою мүмкіндігі бар екенін есте сақтаңыз.

Қосымша ақпаратты келесі бөлімнен қараңыз: 

Токен ваучері

Binance компаниясы кейде токен ваучерлері (Токен ваучерлері) формасында белгілі бір жеңілдіктер бере алады.

Токен ваучерін алғаннан кейін, оның номиналды құнын, жарамдылық мерзімін және қолданылатын өнімдерді [Сыйақылар орталығы] бөлімінен көре аласыз.

Тиісті шотты ашпаған болсаңыз, [Өтеу] түймесін басқан кезде шотты ашуға бағыттайтын қалқымалы терезе пайда болады.

Егер тиісті шотыңыз болса, ваучерді жұмсау процесін растайтын қалқымалы терезе пайда болады. Сәтті өтелгеннен кейін балансты тексеру үшін тиісті шотқа өтуіңізге болады.

Токен ваучерлерін жарамдылық мерзімі аяқталмас бұрын өтеу керек. Токен ваучерінің мерзімі бітсе, ол енді жарамсыз болады және оның жарамдылық мерзімін ұзарта алмайсыз немесе токен ваучерін басқа сыйақыларға айырбастай алмайсыз. Сізге бөлінген токен ваучерлерін өтеу сіздің жауапкершілігіңізде. Binance компаниясы алдағы токен ваучері немесе оның мерзімінің аяқталуы туралы ескертуге міндетті емес.

Қосымша ақпаратты келесі бөлімнен қараңыз: 

Сауда алымына жеңілдік ваучері

Binance компаниясы ізгі ниеттің белгісі ретінде кейде сізге сауда алымы бойынша жеңілдік ваучерлері (Сауда алымының жеңілдік ваучерлері) түрінде белгілі бір жеңілдіктер бере алады.

Сауда алымының жеңілдік ваучерлерін жарамдылық мерзімі аяқталмас бұрын өтеу керек. Сауда алымы жеңілдік ваучерінің мерзімі бітсе, ол енді жарамсыз болады және оның жарамдылық мерзімін ұзарта алмайсыз немесе сауда алымының жеңілдік ваучерін басқа сыйақыларға айырбастай алмайсыз. Сізге берілген кез келген сауда алымының жеңілдік ваучерін өтеу сіздің жауапкершілігіңізде. Binance компаниясы алдағы сауда алымының жеңілдік ваучері немесе оның мерзімінің аяқталуы туралы ескертуге міндетті емес.

Қосымша ақпаратты келесі бөлімнен қараңыз:

VIP жаңарту ваучері

Binance компаниясы пайдаланушы шотындағы сауда әрекетіне байланысты пайдаланушыға VIP жаңарту ваучерін (VIP жаңарту ваучері) бере алады. VIP жаңарту ваучері өтеліп, белсендірілгеннен кейін, пайдаланушылар Binance VIP деңгейін көтереді және тиісті сыйақы барысында VIP артықшылықтарын пайдалана алады. Пайдаланушылар өздерінің жаңа VIP деңгейін шотыңыздың бақылау тақтасы мен алым кестесі бетінде көре алады.

VIP 9 пайдаланушы жете алатын ең жоғары деңгей екенін ескеріңіз.

  • Егер пайдаланушы осы деңгейге әлдеқашан жеткен болса, пайдаланушы VIP жаңарту ваучерін өтей алмайды.
  • Кез келген жаңарту әрқашан VIP 9 деңгейімен шектеледі (мысалы, VIP 8 + «VIP+2» ваучер = VIP 9).
  • Пайдаланушылар бір уақытта тек бір VIP жаңарту ваучерін белсендіре алады. Егер VIP жаңарту ваучері бұрыннан белсенді болса, олар сол кезең барысында басқа VIP жаңарту ваучерін өтей алмайды.

Пайдаланушылар әрбір VIP жаңарту ваучерін ағымдағы жарамдылық мерзімі аяқталғанша өтеуі керек. VIP жаңарту ваучерінің мерзімі бітсе, ол енді жарамсыз болады және Binance оның жарамдылық мерзімін ұзарта алмайды немесе ваучерді басқа сыйақыларға айырбастай алмайды.

Ваучердің мерзімі аяқталғанда пайдаланушының VIP деңгейі өздерінің сауда әрекеттеріне негізделген бастапқы VIP деңгейіне қайта оралады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына беттерді қараңыз:

Жергілікті ережелердің талаптарына сай болу үшін, белгілі бір мүмкіндіктер аймағыңызда болмауы мүмкін.

Қазір тіркеліңіз – 100 USDT дейін сауда алымына жеңілдік алыңыз (расталған пайдаланушылар үшін)