Соңғы жаңартылған күні: 2024 жылғы 14 мамыр
WBETH арқылы табыс табудың әртүрлі жолы бар. Олардың кейбірі:
Спот саудасы
Binance спот нарығында
WBETH/USDT және
WBETH/ETH жұптарын саудалай аласыз. WBETH сатып алу және жұмсау арқылы ETH Staking сыйақыларын ала аласыз. Күнделікті стейкинг сыйақылары Binance Spot әмияныңызға таратылмайды. Оның орнына WBETH валютасы ETH-ге айырбасталғанға дейін сыйақылар токеннің айырбастау мөлшерлемесі бойынша жинақталады және автоматты түрде қосылады.
Тізбекте WBETH минттеу арқылы ETH Staking сыйақыларын алыңыз
WBETH токенін
Binance ETH стейкингі арқылы алуға болады. WBETH монетасын DeFi платформаларында (мысалы,
PancakeSwap) немесе ончейн смарт-келісімшарттар
(BNB Smart Chain немесе
Ethereum) арқылы минттеуге болады. Күнделікті ETH стейкинг сыйақыларыңыз жинақталған кезде, WBETH токеніңіздің құны сәйкесінше артады.
Binance ETH стейкингі арқылы WBETH токенін ETH токеніне айырбастау немесе ончейн смарт-келісімшарттар (
BNB Smart Chain немесе
Ethereum) арқылы WBETH токенін ETH токеніне ауыстыру арқылы кірісіңізді
[Жұмсау] мүмкіндігі бар.
Өтімділік фермерлігі
Өтімділік фермерлігі – DeFi қызметіндегі танымал табыс табу механизмі. Ол орталықтандырылмаған биржаларға (DEX) өтімділікті қамтамасыз ету және осы мақсатта сыйақылар алу процестерін қамтиды.
Өтімділік фермерлігін бастау үшін өтімділік пулына токендердің бір жұбын салуыңыз керек. Мысалы, WBETH токенін пул қолданатын ETH немесе USDT сияқты басқа токенмен жұптай аласыз. Пулдағы жұптар арасында своп жасайтын пайдаланушылар өтімділік провайдері ретінде сізге алым төлейді. Бұл ретте өтімділік пулдарына кіру кезінде
уақытша жоғалту тәуекелін ескеріңіз.
Пайдаланушыларға өтімділік пулы токендерін қалыптастыру арқылы WBETH токенімен кірістер алуға мүмкіндік беретін мысалдарға PancakeSwap (
Ethereum және
BSC),
Curve,
Balancer және Maverick (
Ethereum және
BSC) сияқты DEX биржалары жатады.
Қарыз беру және қарыз алу протоколдары
Кірістер алу немесе капитал өнімділігін арттыру үшін WBETH токенін қарыз беру және қарыз алу протоколдары аясында левередждеуге болады. Мысалы,
Binance несиелері мен
VIP несие бойынша капитал тиімділігін арттыру мақсатында басқа активтерді қарызға алу үшін WBETH токенін кепіл ретінде пайдалана аласыз. Тиісті беттерде қарыз алу лимитін және несие құнын (LTV) тексеруге болады.
Құрылымдық өнімдер және кіріс агрегаторлары
Құрылымдық өнімдер мен кіріс агрегаторлары криптовалюта активтеріңіздегі қайтару процестерін оңтайландыру үшін жетілдірілген DeFi мүмкіндіктерін ұсынады.
WBETH токенін құрылымдық кіріс токендерін алу үшін пайдалануға, осы арқылы күрделірек DeFi стратегияларына (мысалы,
Pendle) қатысуға болады.
Стейкингке қайта салу протоколдары
Стейкингке қайта салу қосымша сыйақылар үшін стейкингке салынған ETH токендерін пайдалануды білдіреді. Көп жағдайда пайдаланушылар белгілі бір стейкингке қайта салу протоколдарының смарт-келісімшарттарында (мысалы,
EigenLayer) жергілікті стейкингке салынған ETH және WBETH сияқты өтімді стейкинг токендерін стейкингке қайта сала алады. Бұл WBETH криптовалютасын Ethereum желісіндегі басқа да қолданбаларға қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар WBETH иелеріне қосымша сыйақылар алу мүмкіндігін ұсынады.
Әртүрлі табыс табу мүмкіндіктері
Егер қарапайым кірісті іздесеңіз, Binance платформасында көп нәрсе таба аласыз. Сонымен қатар көбірек құрылымдық өнімдер мен ұсыныстарды алу үшін орталықтандырылмаған әлемге жол тарта аласыз. Жобаға немесе өнімге инвестиция жасамас бұрын әрдайым өз бетіңізше зерттеу жүргізіңіз.
Тәуекел туралы ескерту: цифрлық актив бағалары құбылмалы болуы мүмкін. Инвестицияңыздың мәні төмендеуі не артуы мүмкін және инвестицияланған соманы қайтарып алмауыңыз мүмкін. Инвестициялық шешімдеріңіз үшін толықтай өзіңіз жауапты боласыз және Binance компаниясы сіздің ықтимал жоғалтуларыңыз үшін жауапты емес. ЖПМ – таңдалған уақыт аралығында криптовалютамен алатын сыйақылардың болжамы. Ол кез келген фиат валютасындағы нақты немесе болжамды қайтарымдарды/кірісті көрсетпейді. ЖПМ мәні күнделікті реттеледі, болжамды сыйақылар нақты жасалған сыйақылардан өзгеше болуы мүмкін. Қаржылық кеңес емес. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттарын және Қауіп туралы ескертуді қараңыз.