Сұрақ-жауап
Басты бет
Қолдау орталығы
Сұрақ-жауап
Спот трейдинг
Спот саудасы
Делистинг туралы ақпарат
Binance платформасында токендер мен спот/маржалық трейдинг жұптары бойынша тізімнен шығару туралы ақпаратты қалай көруге болады?

Binance платформасында токендер мен спот/маржалық трейдинг жұптары бойынша тізімнен шығару туралы ақпаратты қалай көруге болады?

2022-10-27 09:29
Пайдаланушыларымызды қорғау және тізімдегі токендер мен трейдинг жұптарының тиісті жоғары стандарттар деңгейіне әрі қарай сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін Binance тізімнен шығару нұсқаулығы негізінде платформамыздағы тізімдегі әр токенді және спот/маржалық трейдинг жұбын жүйелі түрде тексереді. 
Тізімдегі токен немесе спот/маржалық трейдинг жұбы осы стандартқа сай болмай қалған кезде, Binance тереңірек тексеріп шығады және пайдаланушылардың мүдделерін қорғау үшін токенді немесе спот/маржалық трейдинг жұбын тізімнен шығаруы мүмкін.

Тізімнен шығару туралы мәліметке қайдан кіруге болады?

Тізімнен шығару туралы хабарландыруларды Binance веб-сайтынан және Binance қолданбасынан көре аласыз. 

Веб-сайт

1. Binance басты бетінде төмен қарай жылжып, [Қолдау орталығы] түймесін басыңыз.
2. [Хабарландыру][Тізімнен шығару] тармағына өтіңіз. 

Қолданба

1. [Шот орталығы][Қосымша қызметтер][Анықтама және қолдау] тармағын түртіңіз. 
2. [Анықтама және қолдау] бөліміндегі [Қолдау] түймесін түртіп, [Анықтама орталығы (Сұрақ-жауап)] тармағын таңдаңыз.
3. [Хабарландыру] тармағына төмен жылжытып, [Тізімнен шығару] түймесін түртіңіз.

Тізімнен шығару туралы мәліметті қалай көруге болады?

Binance токендер және спот/маржалық трейдинг жұбы үшін тізімнен шығару туралы хабарландыру жариялап, пайдаланушыларға хабарлама береді. Спот немесе маржа әмияныңызда нақты бір токенді ұстасаңыз, Binance қолданбасы және электрондық пошта арқылы сізге алдағы токен немесе спот/маржалық трейдинг жұбының тізімнен шығарылуы туралы хабарланады.
  • Тізімнен шығарылатын токендер туралы хабарландыру күні және токен(дер) тізімінен шығарылғаннан жеті күн бұрын Binance қолданбасы және электрондық пошта арқылы хабарланады.
  • Жойылайын деп жатқан трейдинг жұптары туралы хабарландыру күні сізге Binance қолданбасы арқылы хабарланады.
  • Токен своптары, ребрендинг және реденоминация іс-шаралары туралы хабарландыру жарияланады.
Binance Margin тізімнен шығару күніне дейін алдағы тізімнен шығарылатын маржа жұбы үшін қарыз алуды тоқтатады. Егер сізде тізімнен шығарылатын токен немесе маржалық трейдинг жұбы үшін ашық маржа позициялары болса, позицияларыңыз тізімнен шығару кезінде автоматты түрде жабылады және жойылады. Кез келген ықтимал шығындарды алдын алу үшін тізімнен шығару күніне дейін позицияларыңызды қолмен жабыңыз.
Сонымен қатар, Binance Spot тізімнен шығарылатын әр спот трейдинг жұбы үшін тиісті спот трейдинг бетінде хабарландыру баннерлерін орналастырады. Бұл пайдаланушыларға спот трейдинг жұбының алдағы тізімнен шығарылуын еске түсіру үшін орындалады және Binance спот бетінде сәйкес спот трейдинг жұбын таңдағаннан кейін, спот трейдинг жұбының алдағы тізімнен шығару күні мен уақытын көре аласыз.
Токен тізімнен шығарылғаннан кейін ол әмияныңызда [Тізімнен шығарылған] ретінде белгіленеді.
Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: қолданылатын цифрлық активтер тізімі веб-сайтымызда жарияланған. Binance пайдалану шарттарына сәйкес қолданылатын цифрлық активтер тізімінен бір немесе бірнеше цифрлық активтерді алып тастай аламыз немесе тоқтата аламыз және сізге алдын ала хабарлау үшін ақылға қонымды коммерциялық әрекеттерді қолданамыз. Демек, сіз енді Binance қызметтерінің бөлігі ретінде осындай цифрлық активтерді пайдалана алмайсыз және Binance шотыңыздан цифрлық активтерді тек шығаруыңызға рұқсат етіледі.
Тәуекел туралы ескерту: цифрлық актив бағалары жоғары нарықтық тәуекелге және баға құбылмалылығына ұшырайды. Инвестицияңыздың құны төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін және инвестицияланған соманы қайтара алмауыңыз мүмкін. Инвестициялық шешімдеріңіз үшін сіз ғана жауаптысыз, ал Binance сізде болуы мүмкін шығындардың ешқайсысына жауапты емес. Өткен өнімділік болашақ өнімділіктің сенімді болжаушысы емес. Тек өзіңіз білетін және тәуекелдерді түсінетін өнімдерге инвестиция жасауыңыз керек. Өзіңіздің инвестициялық тәжірибеңізді, қаржылық жағдайыңызды, инвестициялық мақсаттарыңызды және тәуекелге төзімділікті мұқият қарастырып, кез келген инвестицияны жасамай тұрып, тәуелсіз қаржылық кеңесшімен кеңесуіңіз керек. Бұл материал қаржылық кеңес ретінде түсіндірілмеуі керек. Қосымша ақпаратты Пайдалану шарттары және Тәуекел туралы ескерту бөлімдерінде қараңыз.