Binance пулының VIP деңгейін есептеу

2021-04-06 03:53

Binance пулының VIP деңгейі дегеніміз не?

Binance пулының пайдаланушылары енді Binance биржасында VIP сауда артықшылықтарын, соның ішінде сауда алымының жеңілдіктері мен эксклюзив артықшылықтарды пайдалана алады. Сіздің VIP деңгейіңіз Binance пулындағы орташа күнделікті хэшрейтіңіз бойынша анықталады. Binance биржаының VIP артықшылықтар жүйесі туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Бұған қоса, Binance биржасының VIP пайдаланушылары хэшрейттерін Binance пулға қосқан кезде жеңілдікті алымдарды алады.

Binance пулының VIP деңгейлерін қалай есептеуге болады?

Орташа күнделікті хэшрейтBinance биржасының VIP деңгейі
(Ph/s)LTC (Гигахеш/сек)ETC (Гигахеш/сек)CKB (Th/s)
≥ 20≥ 100≥ 50≥ 10001
≥ 50≥ 300≥ 100≥ 20002
≥ 75≥ 500≥ 300≥ 30003
≥ 100≥ 1000≥ 500≥ 40004
≥ 200≥ 2000≥ 1000≥ 50005
≥ 300≥ 3000≥ 2000≥ 60006
≥ 1000≥ 5000≥ 3000≥ 90007
≥ 2000---8
≥ 4000---9

Ескертпе:

  • BTC, BCH, CKB орташа күнделікті хэшрейт бірлігі: Ph/s
  • LTC орташа күнделікті хэшрейт бірлігі: гигахэш/сек
  • ETC орташа күнделікті хэшрейт бірлігі: гигахэш/сек
  • CKB орташа күнделікті хэшрейт бірлігі: Th/s

Орташа күнделікті хэшрейт = күнделікті хэшрейттердің сомасы/ағымдағы айдағы күндер саны. 

Мәндер күнтізбелік ай негізінде есептелетінін және түпкілікті есептеу әр айдың соңғы күні болатынын ескеріңіз. Әр айдың бірінші күні VIP деңгейіңіз реттеледі.

Binance пулының VIP қызметіне қалай өтініш беруге болады?

Хэшрейтіңіздің деңгейі талаптарға жетсе, өтініш беру үшін poolvip@binance.com мекенжайына «VIP деңгейіне өтініш + майнинг идентификаторы/майнинг аккаунты» деген тақырыппен электрондық хат жіберіңіз.