Сұрақ-жауап
Басты бет
Қолдау орталығы
Сұрақ-жауап
Шот функциялары
Реферал және серіктестер
Binance Referral режимі туралы сұрақ-жауап

Binance Referral режимі туралы сұрақ-жауап

2022-11-18 14:29
Соңғы жаңартылған күні: 2024 жылдың 7 тамызы
1. Мен Referral сілтемесі арқылы досымды Binance шотын тіркеуге шақырдым, $100 сауда алымына жеңілдік ваучерін қашан ала аламын?
Егер сіздің досыңыз тіркелгеннен кейін 14 күн ішінде $50 сомасынан артық жиынтық депозит жасаса, сіз және сіздің досыңыз 48 сағат ішінде $100 сауда алымына жеңілдік ваучерін аласыздар.
Ваучеріңізді жұмсау үшін, жеке басыңызды растауыңыз керек. Ваучер таратылғаннан кейін [Сыйақылар хабы] арқылы 7 күн ішінде жұмсалуы керек. Әйтпесе ваучердің мерзімі аяқталады.
2. Менің достарым $50 сауда депозиті талабын орындады, неліктен мен әлі күнге дейін сыйақы алған жоқпын?
Төмендегі жағдайлар сіздің реферал сыйақыларыңызды алмау себебі болуы мүмкін;
  1. Сыйақы тарату әлі жалғасуда. Сыйақылар сіздің шақырған достарыңыз депозит тапсырмасын орындағаннан кейін 48 сағат ішінде таратылатынын ескеріңіз.
    Мысалы, сіздің досыңыз депозит тапсырмасын 25.07.2024 ж. 14:00-де (UTC) орындаса, екеуіңізге сыйақылар 27.07.2024 ж. 14:00-ге (UTC) дейін таратылады. Сондықтан 27.07.2024 ж. 14:00-ден (UTC) кейін қайта тексеріңіз.
  2. Шақырылған достарыңыз біз қолдайтын арналар арқылы депозит тапсырмасын орындамады. Біз қолдайтын депозит арналары төмендегідей:
    Қолма-қол ақша салу
    Дебет/кредит картасымен криптовалюта сатып алу
    P2P саудасы
    Криптовалюта салу
    Үшінші тарап төлем әдісімен немесе басқа Binance шотынан ішкі аударым арқылы жасалған кез келген депозит пайдаланушының депозит көлеміне есептелмейтінін ескеріңіз.
     
  3. Шақырылған достарыңыз тіркелгеннен кейін 14 күн ішінде депозит тапсырмасын орындамады. Досыңыз Binance шотын тіркегеннен кейін 14 күннен соң орындалатын тапсырманың жарамдылығын тексеру мүмкін емес.
  4. Депозит сомасы $50 сомасына тең немесе одан аз. Тапсырманың орындалуы ретінде $50 сомасынан асатын депозит сомалары ғана есептелетінін ескеріңіз.
  5. Шақырылған достарыңыз тәуекел бағалауынан өте алмады. Binance биржасы науқан кезінде қосымша бонустар алу үшін арам ниетті немесе теріс ойлы іс-әрекеттермен айналысқан, соның ішінде бір IP мекенжайынан немесе құрылғыдан тіркелген, көп аккаунт тіркеген және заңсыз, алаяқтық немесе зиян келтіру мақсатында кез келген басқа іс-әрекетпен айналысқан қатысушыларды жарамсыз деп табу және сыйақыларын қайтарып алу құқығын өзінде қалдырады.
3. Сауда алымына жеңілдік ваучерін қалай қолдана аламын?

Ваучерді алғаннан кейін, оны жеті күн ішінде жұмсау үшін [Сыйақы хабына] өтіңіз. Барлық сауда алымына жеңілдік ваучерлері белсендірілгеннен кейін 14 күн бойы жарамды болатынын ескеріңіз. Белсендірілгеннен кейін, сауда алымдарынан алынған жеңілдік келесі күні 23:59:59-ға дейін пайдаланушының спот шотына беріледі.

Ваучерді қалай қолдануға болатыны туралы қосымша ақпарат алу үшін Сауда алымына жеңілдік ваучері мен платформа алымына жеңілдік ваучерін қолдану жолы бөлімін қараңыз.
  
4. Мен ала алатын сыйақылардың шектеулері бар ма?
Referral режимі арқылы тіркелетін және депозит тапсырмасын орындайтын жаңа реферал жаңа пайдаланушы ретінде тек бір рет $100 сомасына тең сауда алымына жеңілдік ваучерін ала алады.
Егер бұл жаңа реферал $100 сомасынан асатын сауда алымына жеңілдік ваучерлерін алғысы келсе, бұл пайдаланушы достарын Binance жүйесіне шақыру үшін реферер ретінде өзінің жеке реферал жолын бастай алады. Неғұрлым көбірек дос шақырылса, пайдаланушы соғұрлым көп ваучер ала алады. Реферер ретінде алуға болатын ваучерлер санына шектеу қойылмайды. 
  
5. Мен Referral режимі арқылы шақырылған достарымнан комиссия жеңілдігін ала аламын ба?
Жоқ, ала алмайсыз. Әрбір пайдаланушыны тек бір режим арқылы шақыруға болады. Егер сіз достарыңызды Referral сілтемесі арқылы шақырсаңыз, онда бұл достарыңыздан комиссия жеңілдігін ала алмайсыз. Керісінше, достарыңызды Referral Pro сілтемесі арқылы шақырған болсаңыз, онда ұсынылған досыңыздың саудасынан комиссия аласыз, бірақ сіз де, достарыңыз да сыйақы ретінде $100 сауда алымына жеңілдік ваучерін ала алмайсыздар. 

Binance компаниясының реферал бағдарламалары туралы көбірек білу үшін Реферал және серіктестер туралы сұрақ-жауап бетіне кіріңіз.
Binance Referral бағдарламасының Талаптары мен шарттарын толығырақ білу үшін мына бетті қараңыз.
 
Жауапкершіліктен бас тарту: цифрлық актив бағалары жоғары нарықтық тәуекелге және баға құбылмалылығына ұшырайды. Инвестицияңыздың құны төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін және инвестицияланған соманы қайтара алмауыңыз мүмкін. Инвестициялық шешімдеріңіз үшін сіз ғана жауаптысыз, ал Binance сізде болуы мүмкін шығындардың ешқайсысына жауапты емес. Өткен өнімділік болашақ өнімділіктің сенімді болжаушысы емес. Тек өзіңіз білетін және тәуекелдерді түсінетін өнімдерге инвестиция жасауыңыз керек. Өзіңіздің инвестициялық тәжірибеңізді, қаржылық жағдайыңызды, инвестициялық мақсаттарыңызды және тәуекелге төзімділікті мұқият қарастырып, кез келген инвестицияны жасамай тұрып, тәуелсіз қаржылық кеңесшімен кеңесуіңіз керек. Бұл материал қаржылық кеңес ретінде түсіндірілмеуі керек. Қосымша ақпаратты Пайдалану шарттарынан және Тәуекел туралы ескертуден қараңыз.