Binance Pay арқылы басқа Binance пайдаланушысына криптовалюталар жіберу кезіндегі әдепкі төлем басымдығын бейімдеуге болады. Жүйе транзакция сомасын орындау үшін тізіміңіздегі криптовалюталарды автоматты түрде пайдаланады.
Мысалы, сіз басқа Binance пайдаланушысына 10 USDT аударғыңыз келеді, бірақ қаржы әмияныңызда тек 5 USDT бар. Binance Pay платформасы әдепкі бойынша 5 USDT-ді алдымен пайдаланады, содан кейін сіз Binance Pay тіркелгіңізде орнатқан төлем басымдығы ретіне сай спот/қаржыландыру әмияныңыздағы басқа криптовалюталарды пайдаланады. Сондай-ақ тапсырысты рәсімдеу кезінде осы транзакция үшін таңдаған криптовалюталық төлем тапсырысын өзгерте аласыз.
Соңғы төлем басымдығының реті мүмкіндігін пайдалнау үшін Binance қолданбаңызды 2.62.0 немесе одан жоғары нұсқаға жаңарту керек екенін ескеріңіз.
1. Binance шотыңызға кіріп, [Профиль] – [Төлеу] тармағын түртіңіз.
2. [Параметрлер] белгішесін түртіп, [Төлем басымдығының реті] параметрін таңдаңыз.
3. Мұнда әдепкі төлем валютасы басымдығының ретін орната аласыз. Тізімге криптовалютаны қосыңыз немесе одан жойыңыз және олардың ретін өзгерту үшін сүйреңіз.
Binance Pay транзакциясының барысында төлем валюталарының ретін оңай реттеуге болады.
Төлемді растау бетінде спот/қаржыландыру әмияныңыздағы (өзіңіз таңдаған төлем әдісіне негізделеді) криптовалютаны көру үшін [Төлем валютасы] параметрін түртіңіз.
Сіз әмияныңыздағы бүкіл криптовалютаның балансын көресіз. Осы транзакция үшін олардың ретін өзгерту үшін сүйреңіз.