Binance биржасында ұйымды (KYB) растау жолы: қадамдық нұсқаулық

2018-09-10
Оқу материалы
Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы жаңартылған күні: 2024 жылдың 9 қазаны

Видео оқулық

Binance KYB дегеніміз не?

Binance «Бизнесіңізді біліңіз» (KYB) – корпоративтік пайдаланушыларға жетекшілік етуге жауапты тұлғаларды анықтайтын және тексеретін кешенді тексеру процесі. KYB процесі бизнесті лаңкестікті қаржыландыру мен ақшаны жылыстату сияқты жалған қаржылық әрекеттерден сүзуге арналған.

Binance KYB растау қадамдары

1. Binance шотыңызды тіркеңіз немесе қолданыстағы Binance шотыңызға кіріңіз.

A. Binance шотыңыз болмаса:

i) Binance ресми веб-сайтында [Тіркелу] түймесін басыңыз.

ii) [Ұйым ретінде тіркелу] түймесін басыңыз.

iii) Ұйым атын енгізіңіз.

iv) Ұйым элеткрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Электрондық поштаңызға 6 цифрлық код келеді. Электрондық поштаңызды растау үшін кодты енгізіңіз.

v) Қауіпсіз құпиясөз жасаңыз. [Ұйым шотын жасау] түймесін басыңыз.

Ескертпе:

  • Құпиясөзіңізде кемінде бір бас әріп пен бір санды қоса алғанда кемінде 8 таңба болуы керек.
  • Егер досыңыз Binance жүйесінде тіркелуге шақырған болса, олардың жолдама идентификаторын толтырғаныңызға көз жеткізіңіз.

vi) Ұйым шотын аштыңыз. Ұйымды растау процесін бастау үшін [Келесі] түймесін басыңыз.

B. Егер расталмаған Binance шоты болса:

i) Binance ресми веб-сайтында [Кіру] түймесін басыңыз.

ii) [Профиль] бетіне өтіп, [Растау] түймесін басыңыз.

Электрондық поштаңыз жеке шотқа байланған болса, оны ұйым шотына жаңарту мүмкін емес екенін ескеріңіз. Шоты расталмаған ұйым растауын жіберіп жатқаныңызға көз жеткізіңіз.

2. Енді ұйымды растау процесіне кіресіз.

2.1 Бастау үшін [Растау] түймесін басыңыз.

2.2 Ресми корпоративтік құжаттарда көрсетілгендей [Ұйым атауын] және [Тіркеу нөмірін] енгізіп, сұрақтарға жауап беріңіз, оның ішінде тіркелген ел/аймақ, құқықтық нысан, тіркеу нөмірі, бизнес сипаты, акционерлік құрылым, т.б.

2.3 Фиатты іске қосу (міндетті емес)

Егер фиат қызметтері қажет болса, фиатты іске қосу бөлімінің астындағы сұрақтарға жауап беріп, жіберу үшін [Аяқтау] түймесін басыңыз.

Болашақта фиат қызметтеріне өтінім бергіңіз келсе, оны кез келген уақытта қосу үшін [Профиль][Шот] – [Идентификация] тармағына өтуіңізге болатынын ескеріңіз.

Маңызды ескертпе:

Барлық берілген ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз. Егер дұрыс ақпаратты ұсынбасаңыз, бизнесті растау өтініміңізді қабылдамауымыз мүмкін және растау процесін толықтай қайта орындауыңызға тура келеді. Ақпараттың дұрыстығын растасаңыз, [Жалғастыру] түймесін басыңыз.

Binance KYB процесі бойынша растауға қажетті құжаттар:

Тексеру процесін бастамас бұрын, қалқымалы тексеру тізімінде көрсетілген корпоративтік құжаттарды да дайындауыңыз қажет. Тексеру парағы тіркелген ел/аймақ, құқықтық нысан, бизнес сипаты және акционерлік құрылымыңызға қарай көрсетіледі. [Толық тізімді басып шығару] параметрін таңдап, анықтама үшін бақылау тізімін басып шығара аласыз.

Ескертпе: Binance KYB үшін талап етілетін корпоративтік құжаттар еліңізге/аймағыңызға, құқықтық нысаныңызға, таңдаған бизнес сипатына қарай әртүрлі болады. Келесі скриншоттар тек мысал үшін берілген. Растау бетіндегі сізге арналған нақты тізімді қараңыз.

3. Ұйымды растау жалпы 4 негізгі қадамнан тұрады:

  • Негізгі ақпарат
  • Қатысты тараптар
  • Құжаттарды жүктеп салу
  • Фиатты іске қосу (міндетті емес)

Растау процесі барысында кез келген уақытта [Жоба ретінде сақтау] түймесін баса аласыз.

3.1 Негізгі ақпарат

3.1.1 Шот туралы ақпаратты, оның ішінде ұйым атауын, тіркеу нөмірін, тіркелген күнін енгізіп, [Растау] түймесін басыңыз.

3.1.2 Ұйым мекенжайы бөлімін толтырыңыз, оның ішінде тіркелген мекенжайды, бизнестің жұмыс мекенжайын енгізіңіз.

3.1.3 Капитал көзін, байлық көзін және қаражат көзін қамтитын шығу көзі туралы декларация бөлімін толтырыңыз.

3.1.4 Қосымша ақпарат бөлімін, соның ішінде AUM, ай сайынғы транзакция көлемі, қалаулы тіл, байланыс нөмірі, компания веб-сайты (бар болса) және өтінімнің мақсаты тармақтарын толтырыңыз.

3.1.5 Негізгі ақпарат бөлімін аяқтағаннан кейін, жалғастыру үшін [Аяқтау] түймесін басыңыз.

3.2 Қатысты тараптар

Сосын қатысты тараптар бөлімін толтырыңыз.

3.2.1 Директордың немесе оған тең тұлға туралы негізгі ақпаратты енгізіңіз.

3.2.2 Негізгі ақпаратты енгізіңіз, жеке басты куәландыратын құжаттарды және соңғы бенефициар иесінің (иелерінің) мекенжайын растайтын құжатты жүктеп салыңыз (бар болса).

3.2.3 Негізгі ақпаратты енгізіңіз, сәйкестендіру құжаттарын және маңызды контроллер(лердің) мекенжайды растайтын құжатын жүктеп салыңыз.

3.2.4 Негізгі ақпарат пен тұрғылықты мекенжайды енгізіп, уәкілетті шот трейдер(лер)інің сәйкестендіру құжаттарын жүктеп салыңыз.

3.2.5 Келесі қадамда бет арқылы растауды орындау үшін негізгі трейдер ретінде уәкілетті шот трейдерін таңдаңыз.

3.2.6 Ағымдағы құрылғыда немесе мобильді қолданбада негізгі трейдердің бетін растау үшін [Қазір растау] түймесін басыңыз.

Қалпақ немесе көзілдірік кимеңіз және сүзгілерді пайдаланбаңыз. Барлық фотосуреттер жеткілікті жарықпен түсірілуі керек.

Ағымдағы құрылғы арқылы растау

Мобильді қолданба арқылы растау

3.2.7 Рұқсат беру хатын жазыңыз. Қол қойып, жүктеп салыңыз да, [Растау] түймесін басыңыз.

3.2.8 Қатысты тараптарды ұйымыңызды растау құжаттарын онлайн қол қоюға көмектесуге шақыра аласыз. Толығырақ мәліметтер алу үшін мұнда кіріңіз:

3.2.9 Келесі бөлімге өту үшін [Жалғастыру] түймесін басыңыз.

3.3 Құжаттарды жүктеп салу

3.3.1 Бетте көрсетілген тізімге сәйкес талап етілетін құжаттарды жүктеп салыңыз.
Ескертпе: талап етілетін құжаттар еліңізге/аймағыңызға, құқықтық нысанға, бизнес сипатына және таңдаған акционерлік құрылымға байланысты әртүрлі болады. Келесі суреттер тек мысал үшін берілген. Растау бетіндегі сізге арналған нақты тізімді қараңыз.

3.3.2 Жалғастыру үшін [Аяқтау] түймесін басыңыз.

3.4 Фиатты іске қосу (қажет болса)

3.4.1 Егер сізге фиат қызметтері қажет болса, фиат қосу бөлігіндегі сұрақтарды толтырып, [Жалғастыру] түймесін басыңыз.

4. Барлық бөлімдерді аяқтағаннан кейін, [Келесі] түймесін басыңыз.

5. Декларацияны оқып, келісіңіз. [Мен/біз декларацияны түсінеміз және келісеміз] жанына құсбелгіні қойып, [Жіберу] түймесін басыңыз.

6. Өтінішіңіз сәтті жіберілді. Тексеру аяқталғаннан кейін, сізге хабарлама жіберіледі.