NFT дегеніміз не?
NFT – блокчейнде бірегей активті білдіретін криптографикалық токеннің бір түрі. Бұлар толықтай цифрлық активтер немесе шынайы өмірдегі активтердің токенге айналдырылған нұсқалары болуы мүмкін.
NFT туралы толығырақNFT деген не?
NFT – өзара ауыстырылмайтын токен.
Өзара ауыстырылмау деген не?
NFT токенінің тағы бір айрықша мүмкіндігін өзара ауыстыруға келмейді. Өзара ауыстыру мүмкіндігін көрсетудің жақсы бір мысалы валюталар болады, мұнда бірізділіктің арқасында $5 есебін басқа $5 есебіне оңай айырбастауға болады. Бұл элементтерін бірегейлігі емес, мәндері бойынша анықталатындықтан, айырбастауға болады.
Алайда NFT токендерін өзара айырбастауға болмайды. Әр NFT токенінде басқалардан өзгеше ететін айрықша және бірегей идентификаторы бар. Бұл цифрлық салада шынайылығы мен иелігінің дәлелі ретінде қызмет етеді.
NFT токендері қалай жұмыс істейді?
NFT токендерін жасау мен шығарудың әртүрлі инфрақұрылымдары бар. Ең танымалдары – Ethereum блокчейніндегі ERC-721 және ERC-1155. BNB чейнінің өз стандарттары бар: BEP-721 және BEP-1155. NFT токендерін иесінің рұқсатынсыз көшіруге немесе аударуға болмайды, тіпті NFT шығарушысының да құқығы жоқ.
NFT токендерін Binance NFT Marketplace, OpenSea және Treasureland сияқты ашық маркетплейстерде сата аласыз. Бұл нарықтар сатып алушылар мен сатушыларды байланыстыруға көмектеседі және әр NFT құны бірегей болады. NFT токендері де нарықтағы сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде бағасын өзгертуі мүмкін.
NFT токендері қалай жасалады?
NFT жасаудың бірінші қадамы – монета шығару. Монета шығару деген суреттер, бейнелер, аудио және басқа цифрлық файлдарды блокчейнде крипто активтерге айналдыруды білдіреді. Блокчейнде NFT қолдану оны бұрмалауды және өзгертуді қиындатады. NFT бірегей деректері шынайылығы мен иелігін растауды жеңілдетеді.
Әр жасалған NFT токенінде иесі/авторы нақты бір ақпаратты сақтай алады, мысалы, NFT метадеректеріне қолтаңбасын қосу арқылы өнер туындыларына қол қоюға болады.
NFT токендерін иелікке алуға бола ма?
NFT токендерінің басым бөлігінің бір уақытта тек бір иесі болуы мүмкін. Иелік бірегей идентификатор және басқа токендер көшіре алмайтын метадеректермен басқарылады.
Дегенмен бөлшектелген NFT токендері де ауқымын арттыра бастады. Бөлшектелген NFT бүтін NFT токенін кішірек бөліктерге бөліп, көптеген адамға бір NFT токенінің бөлігін иеленуге мүмкіндік береді.
NFT блокчейн платформалары деген не?
NFT – блокчейн технологиясы арқылы бірегей және жиналатын затты білдіретін крипто актив. Ал блокчейн деген не? Бұл – ақпаратты жазу және сақтауға арналған маңызды таратылған дерек қоры. Бұл дерек қорлары цифрлық тіркеуші деп аталады және орталықсыздандырылған желісі деректердің бұзылмауын немесе бұрмаланбауын қамтамасыз етеді. NFT токендері – шынайылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясын пайдаланатын цифрлық активтер.
NFT токендеріне арналған маркетплейстер әртүрлі топтама жасаушылардың NFT токендерін блокчейнде сатып алулары, сауда жасаулары және сатулары үшін қауіпсіз платформаны ұсынады. Бұл маркетплейстерде әйгілі суретшілерден бастап әуесқойларға дейінгі сатылымға арналған өзара ауыстырылмайтын токендердің кең ауқымды таңдауы беріледі.
NFT токендері қашан жасалды?
Осы жаңа крипто актив санатының негіздері 2017 жылғы криптовалютаға асқан сұраныстан бастау алады. Binance компаниясы NFT токендерін бейімдеуде қазіргі таңдағы танымалдығынан бірнеше жыл бұрын басты рөл атқарған.
NFT токендерін кім жасады?
Кевин Маккой NFT токендерін алғаш рет әлемге 2014 жылдың мамырында таныстырды. NFT өнері саласының көшбасшысы болып табылатын Кевин өз әйелі жасаған ең алғашқы NFT, Quantum монетасын шығарды. «Quantum» – белгілейтін шеңберлерге, доғаларға және орталықтары бірдей басқа пішіндерге толтырылған сегіз бұрыштың бейне лупы. 2021 жылы NFT токені 7 миллион долларға сатылуда.
NFT токендерінің танымалдығы неге артуда?
Кеңінен таралған NFT феномені әлемді жаулап алды. Жинақталатын цифрлық активтерден асып түскен NFT токендері енді физикалық және виртуалды әлемде әртүрлі пайдалану жағдайлары бар құнды активтер болып табылады.
NFT токендері цифрлық салада суретші шығармашылығының немесе инвестиция құралдарының нысаны ретінде қарқынды түрде кеңінен таралуда. NFT токендері ойындарда да инвестиция активі және ойыншыларға арнайы мүмкіндіктер беретін қосалқы құрал ретінде қолданылады. NFT әлемі тұрақты түрде дамып, кеңейетіндіктен, пайдалану жағдайлары JPEG топтамалары шеңберінен шығады.
NFT токендерін қанша адам сатып алады?
NFT токендеріне қызығушылықты арттырған 2017 жылғы серпіліске дейін NFT токендерінің апта сайынғы сатылымдары шамамен 100 болатын. Алайда NFT токендері танымалдығының артуымен және NFT әлемінің кеңеюімен NFT сатылымдары аптасына 15 000 бастап 50 000 дейін жетуі мүмкін. Бұл орташа есеппен алғанда аптасына $10 миллионнан бастап $20 миллионға дейін болуы керек.
NFT токендерінің құны қалай артады?
Физикалық өнер туындылары бағаланғаны сияқты NFT құны негізінен сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынасқа тәуелді болады. Сиректік, пайдалану және спекуляция сияқты факторларға байланысты сұраныс өскен сайын NFT бағалары да көтеріледі.
NFT токендерін қалай сатып алады?
NFT токендерін сатып алуға арналған әртүрлі әдістер мен платформалар бар. NFT токендерін бекітілген баға, аукцион арқылы немесе Binance NFT платформасындағы тосын сый қорабынан сатып ала аласыз!
NFT токендерін қалай сатады?
NFT токендеріңізді сатудың көптеген жолы бар. Дұрыс маркетплейсті тиімді пайдалана, жұмысыңызбен әлеуметтік желіде бөлісе, сыйлықтар қабылдай, AMA/тікелей эфир ұйымдастыра, қауымдастық платформаларында NFT топтарына қосыла, жеке веб-сайтыңызды жасай немесе инфлюэнсерлермен бірге жұмыс жасай аласыз.
NFT токендерін қалай минттейді?
NFT токендерін шығарудың көптеген жолы бар: монета шығару алымына төлейтін крипто иелену, криптоңызды сақтайтын криптовалюта әмияны, өзара ауыстырылмайтын токенді жасауға арналған блокчейн және тағы басқалары!
NFT токендеріне қалай инвестиция жасайды?
NFT токенін нақты бір мақсаттар үшін сатып алу кезінде NFT құнына әсер етуі мүмкін әртүрлі факторларды ескерген жөн. Бұл өлшемдер қолданысын, сиректігін, қауымдастық көлемін, трейдинг көлемін, шамасын және шығу тарихын қамтиды.
Осы көрсеткіштерді есте сақтау NFT топтамаңыз немесе крипто портфолиоңыз үшін NFT жобасының ұзақтығын және құнын жақсырақ бағалауға көмектеседі.
NFT токендерімен қалай сауда жасайды?
Binance NFT марткетплейсінде өзара ауыстырылмайтын токендер саудасын бастаңыз. Қолданыстағы үлкен пайдаланушылар базасымен және тиімді пайдаланатын Binance экожүйесімен өнер туындыңыз үшін үздік баға мен құн алыңыз және NFT токендеріңіздің көрінуін арттырыңыз.
Сонымен қатар Binance NFT маркетплейсі NFT токендерінің кең ауқымын, оның ішінде атақты адамдардың туындыларын және мықты брендтерді ұсынады.
NFT-дің қандай түрлері бар?
Өзара алмастырылмайтын токендерге (NFT) деген үлкен қызығушылық жиналмалы криптомонеталар және NFT өнерінде серпіліс тудырды. Ең танымал NFT пайдалану жағдайлары – өнер NFT токендері, жиналатын NFT токендері, қаржы NFT токендері, ойын NFT токендері, музыка NFT токендері, шынайы әлем активі NFT токендері және логистика NFT токендері.
Қазір қандай NFT токендері кеңінен таралған?
Нарықта күн сайын іске қосылатын көптеген NFT токендерімен ең үздік сатылымдарды, топтамаларды және авторларды көрсететін рейтинг тақтасын қарау арқылы Binance NFT маркетплейсінде қолжетімді ең әйгілі NFT токендерін зерттеңіз!
Қазір қандай NFT суретшілері әйгілі?
NFT суретшілері NFT революциясын басқарып келеді, Binance NFT рейтинг тақталарында ұсынылатын авторларды және үздік авторларды қарау арқылы трендтегі немесе көп үміт күтерлік NFT суретшілері кім екенін анықтаңыз.
Ескеретін қандай NFT трендтері бар?
NFT токендерін қайдан сатып алуға болады?
Айырбастау құралы болатын, стейкинг сыйақылары және ойындағы валюта ретінде қолданылатын NFT токендері мета әлем жобаларында кеңінен қолданылады. NFT токендеріңізді NFT токендерінің кең ауқымын қамтыған Binance платформасынан сатып ала аласыз.
Әйгілі NFT токендеріне қол жеткізу және NFT нарығына бүгін инвестициялау үшін шот тіркеңіз.
NFT монета нарығы
Binance биржасында үздік NFT монеталарын табыңыз.
Бірнеше адам бір NFT токенін иелене ала ма?
NFT токендерінің басым бөлігінің бір уақытта тек бір иесі болуы мүмкін. Дегенмен бөлшектелген NFT токендері де ауқымын арттыруда. Бөлшектелген NFT – көптеген адамға бір NFT токенінің бөлігін иеленуге мүмкіндік беретін, кішірек бөліктерге бөлінген бүтін NFT.
NFT токендерінің құны бар ма?
NFT қанша тұратынын түсіну оның не көрсететініне байланысты. Крипто өнер және жиналатын токендерге келетін болсақ, бұл жағдай кез келген өзге өнер туындысына немесе топтама нысанына ұқсас болады. Туындының артындағы тарихын, бейнелеу өнеріндегі құнын және нарықтағы сұранысын түсінуіміз керек. Әр NFT-ге тиесілі құны сиректік, қолданысы, шынайылығы және иелену тарихы сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша да анықталады.
NFT токендері қоршаған ортаға әсер ете ме?
NFT токендері көміртек ізін қалдырады, оларға әсіресе қуатты көп тұтынатын Жұмыс дәлелі (PoW) блокчейндерін жатқызуға болады. NFT токендерінің қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында көптеген NFT токендері қоршаған ортаға зияны кемірек Иелік дәлелі (PoS) модельдері бойынша жасалады.
Биткоин деген NFT токені ме?
Биткоин мен NFT токендерінің көптеген ұқсастықтары бар, бірақ биткоин NFT емес. Биткоин да, NFT да блокчейн технологиясына негізделіп, ұқсас стандарттармен басқарылса да, олардың айырмашылықтары зор. Биткоин өзара алмастырылатын криптовалюта санатына жатады, ал NFT токендері өзара алмастырылмайды. Дегенмен NFT токендерін сатып алу үшін биткоинды немесе басқа криптовалюталарды пайдалана аласыз!
NFT токені криптовалютаға жата ма?
Адамдардың арасында «криптовалюта мен NFT бірдей» деген қате пікір бар. Алайда аты айтып тұрғандай NFT өзара алмастырылмайды, ал криптовалюталар өзара алмастырылады. Мысалы, BTC әр бірлігінің ішкі құны өзге BTC бірлігімен бірдей болатындықтан, биткоин өзара алмастырылады. Ал NFT токендерінде әр бірлік бірегей және өзара айырбасталмайтын болады.